Қылмыстық топты Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді.
Қоныстау ауылының тұрғыны далалық алқапта жайылып жүрген сиыр малының жоғалғаны туралы шағымданады.
Іздестіру шаралары нәтижесінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын-ала сөз байласу арқылы мал ұрлағаны белгілі болды.
Қылмыстық топтың құрамында 1977, 1978, 1986, 1990 және 1997 жылы туған аудан тұрғындары бар.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 181-1-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.