Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 22 елдімекенді су басу қаупі бар

«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, апатты жағдай болуы мүмкін, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 22 елдімекенді су басу қаупі бар
фото: standard.kz

Сырдария өзенінің жоғарғы жағындағы көршілес елдерден келіп жатқан су мөлшері бұрнағы жылдармен салыстырғанда биыл едәуір көп. Өткен аптада су қоймасына тәулігіне орта есеппен 42 млн текше метр су құйылған. Сыйымдылығы 5млрд 200 млн текше метрлік су қоймасы тез толуда. Мамандар бұл мәселеге үкімет назарын аударуы қажет деп дабыл қағып отыр. Себебі Шардара – еліміздегі ең үлкен су қоймасы, егер арнасынан асса, 34 мың халқы бар 22 елдімекенді су басу қаупі бар.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70% -дан асырмау және «Көксарай» су қоймасына су толтырмау бойынша ұсыныс хат жолданған. Бұдан бөлек қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен апатты жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құру керек деп санайды жауаптылар.

 «Қазіргі Шардара былтырғы жылы осы уақытта шамамен 2 млрд 200 болған. Былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100 пайыз артық боп отыр», - дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының басшысы Махамбет Жазықбаев.