Алматыда 10 қаңтар сағат 04:12 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.
Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.