Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

708 миллион теңге Елбасы үшін: 2023 жылы экс-президенттің кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард теңгеге азайған

2023 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне бөлінетін қаржы өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге азайған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

708 миллион теңге Елбасы үшін: 2023 жылы экс-президенттің кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард теңгеге азайған
фото: mavink.com

"2023-2025 жылдарға арналған респубикалық бюджет туралы" заң нормасында көрсетілгендей биыл бюджеттен Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард 678,6 миллион теңгеге тең. 

Бюджеттен бөлінетін қаржы екі бағытта жұмсалады. Бірі – Елбасының қызметіне, екіншісі – Елбасы кітапханасына. Қаржының басым бөлігі, яғни 969,7 миллион теңгесі дәл осы кітапхана қызметіне арналған. 

Ал Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін 708,9 миллион теңге бөлінген. 

Келесі 2024 жылы Елбасы кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард 994,5 миллион теңгеден асады. 2025 жылы экс-президент кеңсесіне 2,15 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. 

Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылы бюджеттен экс-президенттің кеңсесіне 2,1 миллиард, 2022 жылы 2,6 миллиард теңге бөлінген.