Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанай облысында 82 ауыл қар астында қалды

Қостанай облысында екі күнде жауынның айлық нормасының 40%-ы жауып тастаған. Салдарынан 82 ауыл қар астында қалды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қостанай облысында 82 ауыл қар астында қалды
фото: turkystan.kz

Аймақта қар тазалау жұмыстары екі тәуліктен бері жүріп жатыр. Сонымен қатар облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Мұнда құтқарушылар мен полицейлер 29 бекет ұйымдастырған. 

Боран салдарынан облыстың 13 ауданындағы 82 елдімекенге баратын жол жабық. Біздегі ақпаратқа сәйкес мұнда 68 жүкті әйел тұрады. Тұрғындар арасында медициналық көмекті қажет ететіндер жоқ. Барлық азаматтармен байланыс ұйымдастырылды– деді Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Азамат Орымбаев. 

Жолға шығып, қар құрсауында қалған балықшылар, жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілері құтқарылды. Боран күшейгендіктен тағы бірнеше бағытта жол жабылды. Апта соңына дейін аймақта қар жауып, қатты жел күтіледі. Кейін -30 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.