Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Азияның ең бай адамы қазақстандық портқа қомақты қаржы салмақ

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі – Гаутам Адани иелік ететін Adani Group компаниясы қазақстандық портқа инвестиция салмақ, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Азияның ең бай адамы қазақстандық портқа қомақты қаржы салмақ
фото: traveltimes.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Adani Group Құрық портында "Саржа" көпфункционалды терминалын салады. Ол үшін қазақстандық "Симург Инвест" компаниясымен астық және әмбебап терминалдарды дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ,  Adani Group-пен Атырау облысында газ-химия кешенін салу жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру мүмкіндігі талқыланып жатқаны белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, қосылған құны жоғары өнімдерді ала отырып, этанды қайта өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, Adani Group – 1988 жылы құрылған үнді конгломераты. Штаб-пәтері Ахмадабадта орналасқан.  Гаутам Адани – Азиядағы ең бай адам және Bloomberg журналына сәйкес 125 миллиард долларлық байлығы бар әлемдегі ең бай үшінші адам (Forbes мәліметтері бойынша 134 миллиард доллар).

Гаутам Адани жуырда Қазақстанға инвестиция салу мәселесін талқылау үшін елімізге арнайы келіп, президенттің қабылдауында болды.