Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізеді

Биыл Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр деп мәліпдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізеді
Фото: Qazaqstan.tv

Мұнай мен мұнай өнімдерін көрші елге жеткізу туралы құжатқа «ҚазМұнайГаз» төрағасы Мағзұм Мирзағалиев пен «Өзбекмұнайгаз» төрағасы Мехриддин Абдуллаев қол қойды. Келісім бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін 150 млн долларға жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 300 мың тонна ресейлік мұнай тасымалданады. Бұл тұрғыда 9 млн долларға келісім жасалған. Бұдан басқа «QazaqGaz» компаниясы екі елдің аумақтарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жобаларды іске асыру бойынша өзара Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік геологиялық және минералдық ресурстар комитетімен бірге түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында 2023 жылдың 1 мамырына дейін бірлескен жұмыс топтары нақты ұсыныстар дайындайды. 

Қазақстанда қуаттылығы 2000 МВт-қа дейінгі заманауи көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС салу және өндірілген электр энергиясын Өзбекстан тұтынушыларына жеткізу жобасын іске асыру туралы келісім жасалды. 2023 жылы жобаның техникалық-экономикалық негізі әзірленеді.

Сондай-ақ, химия өнеркәсібінде фосфатты және кешенді минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша «Қазфосфат» компаниясы мен «Узкимесаноат» АҚ арасында құны 1,3 млрд доллар болатын ауқымды жоба іске қосылды.