Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған жаттықтырушыға cот үкімі шықты

Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Ақтауда 5 жасар қызды зорлаған жаттықтырушыға cот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

2022 жылдың 28 желтоқсанында қыз баланы жыныстық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталушыға қатысты бірнеше рет (ҚК 121-бабының 4-бөлігі) қылмыстық іс қаралған.

​«Прокурор Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Сот үкімімен 2017 жылы туған қыз баланы зорлаған ер адам Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

​Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.