25 желтоқсаннан бастап Алматы облысындағы жол апаты жиі орын алатын қауіпті әрі рұқсат етілген жылдамдық белгісі жоғары жол учаскелерінде "Крис-П" мобильді фоторадар кешендері орнатыла бастады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы облысының полиция департаменті атап өткендей, бұл жүйе жол қауіпсіздігін жақсартуға, қала жолдарындағы апатты азайтуға, жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітім санын төмендетуге, келтірілген залалды кемітуге және жүргізушілердің көлік тәртібін жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді.
Одан бөлек, жүйе "Борышкер" ЖМК-ны пысықтауда қолданылатын болады, оның шеңберінде облыстың барлық аумағында, оның ішінде республикалық автожолдарда борышкерлерді мақсатты түрде анықтау үшін рейдтер жүргізілетін болады.
Облыстық ПД ең қауіпті деп Алматы – Көкпек – Көктал және Алматы-Бішкек тас жолдарын атады.