Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан Германияға мұнай жеткізуді 2023 жылдың қаңтарында бастауы мүмкін - ҚМГ

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ГФР экономика және климатты қорғау істері министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнермен (видеобайланыс арқылы) және Астанада Германияның Бундестаг депутаты, Cолшылдар партиясының парламенттегі өкілі Кристиан Гёркемен кездесті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Германияға мұнай жеткізуді 2023 жылдың қаңтарында бастауы мүмкін - ҚМГ
фото: www.kazenergy.com

Inbusiness.kz мәліметінше тараптар Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына қазақстандық мұнайды экспорттау мәселесін талқылады. 

Гёркенің айтуынша, бұл мұнай өңдеу зауыты Германияның шығысындағы Бранденбург федералды мемлекетінің экономикасының маңызды бөлігі болып табылады.

Бундестаг депутаты Қазақстаннан "Достық" мұнай құбыры арқылы шикізаттың тұрақты жеткізілуіне мүдделі екенін білдірді.

ҚМГ басшысы осы құбыр арқылы қазақстандық мұнайды Германияға экспорттау мүмкіндігін растады, бірақ келісімшарттық және техникалық мәселелерді шешу қажет екенін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта бірлескен өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Айта кетейік, Шведт қаласында орналасқан, жылдық қуаты 10 миллион тоннадан астам шикі мұнайды өңдеуге қауқарлы мұнай өңдеу зауыты Берлин мен Шығыс Германияның көп бөлігін отынмен қамтамасыз етіп отыр.