Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстандықтарға мүгедек туыстарына қарағаны үшін еңбекақы төленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамға қызмет көрсету ісіне отбасы мүшелерін барынша тартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандықтарға мүгедек туыстарына қарағаны үшін еңбекақы төленеді
фото: sputnik.kz

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімделеді.

Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады – деді Дүйсенова үкімет отырысында.

Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту көзделіп отырғаны айтылды.

Ескеретін жайт әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз бағалау арқылы біліктілігін дәлелдеген және сертификаты бар мамандар жіберіледі.