Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шенеуніктердің меншігіне өтіп кеткен: 398 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бай-бағландардың меншігінен құны 6 жарым миллиард тұратын 398 мың гектар жер телімі қайтарылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Шенеуніктердің меншігіне өтіп кеткен: 398 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура қылмыстық жолмен алынған қомақты қаражат пен активтерді қайтару жұмысын жалғастыруда.

Ал әзірге арнайы комиссия 631 миллиард теңгені мемлекет қазынасына түсірген. Оның ішінде 400 миллион доллар қылмыстық қудалау аясында шетелдік шоттардан табылған.

Бас прокурор осы мақсатта бұрын бай-бағландардың пайдасына шығарылған сот шешімдеріне де наразылық енгізген екен. Нәтижесінде Жоғарғы сот 17 шешімнің күшін жойды. Одан қалды, жалпы сомасы 14 миллиардқа жуық теңгеге прокуратура берген талап-арыздар қаралып жатыр.

“Қылмыстық жолмен алынған табыс және активтерді қайтаруға шетелдік әріптестерімізді тартып жатырмыз. Мысалы, қазан айында Кипрмен қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша көмек көрсету туралы шарт жасалды. Жалпы қылмыстық-құқықтық салада Қазақстан 34 елмен шарттар бекітті. Олардың ішінде Қытай, АҚШ, Үндістан, Бразилия сияқты ірі елдер бар”, – дейді ҚР Бас прокуратурасының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Артур Ластаев.