Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қаңтар оқиғаларының 95% шындығын білеміз – Бас прокуратура

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының шындығын жариялауға не кедергі екенін мәлімдеді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қаңтар оқиғаларының 95% шындығын білеміз – Бас прокуратура
фото: ашық дереккөзден

Нақты мәліметтер бізде бар. Ол жайлы айтылды да. 238 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Егер белгілі бір адамдардың қалай көз жұмғаны туралы айтар болсақ, сол оқиғаларының 95% шындығы бізге белгілі. Бірақ қайтыс болған адамдар қандай жағдайда өмірден озғаны олардың туыстарына, жақындарына ауыр тиюі мүмкін. Қоғамдық пікір деген де бар. Қайтыс болғандардың көршісі, достары, жолдастары, туыстары бар. Бірақ ол жағдайлардың бәрі бізге белгілі – деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев баспасөз мәслихатында.