Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алдағы күндері Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 22-24 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады
фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады,

-делінген хабарламада.

Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.

Синоптикалық процестердің тез ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгереді деп отыр. Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.