Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2022 жылы елімізге 5 миллион 610 мың шетелдік келгенін айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, шетелдіктердің дені ТМД елдерінен келеді.
"Бірінші орында Ресей Федерациясынан келген иммигранттар - 2 900 000. Екінші орында Өзбекстан азаматтары - 2 300 000. Қырғызстанның 730 000 азаматы. 330 000-нан астамы - Тәжікстан азаматтары. Ал 90 000-ға жуығы - Түркия азаматы. Қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Мұның 90%-ы осы елдерден. 6 000 000-ға жуық шетелдік елден кетті".Аслан Аталықов
Ол сонымен қатар Ресей Федерациясы азаматтарының көшіп келуінің қазіргі жағдайына тоқталды.
"Ресей Федерациясының азаматтарына келсек, бұл жерде атап өткім келеді, біріншіден, олар - бұрынғыдай Қазақстанға жиі келетін қонақтар. Олардың негізгі ағыны жаз айларына, яғни демалыс және туристік маусымға келеді. Қазақстанға 1 200 000 ресейлік келген. Олардың ең көп саны шілде айында келген – 485 000-нан астам. Тамызда сәл аз – 400 000 адам. Ал қыркүйекте 406 000 ресейлік келген. Оның біразы белгілі себептерге байланысты 21 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін келген. Аслан Аталықов