Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» директоры Асқар Бекпағанбетов сотталды

2022 жылдың 13 желтоқсанында Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры Асқар Бекпағанбетов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» директоры Асқар Бекпағанбетов сотталды
Фото: alau.kz

Осы үкіммен «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен «АлатауСтрой-2009» ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан және 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, газмазут жанарғыларын жеткізуге «КосДинКом» ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС және «Алатаустрой-2009» ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірген.