Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Қазақша айтамын»: Депутат журналистке орысша жауап беруден бас тартты (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских журналистің "орысша айтыңызшы" деген өтінішін орындамады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

«Қазақша айтамын»: Депутат журналистке орысша жауап беруден бас тартты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда депутат Геннадий Шиповских журналистердің сұрағына жауап беріп жатыр. Сол сәтте тілшілердің бірі сұрағына орысша жауап беруін сұрайды. Бірақ депутат орысша сөйлеуден түбегейлі бас тартып, қазақ тілінде жауап берген.

"Мен сізге қазақша айтайын, аудармашыларыңыз бар ғой? Қазақстанда жүріп жатырмыз, керек болса, аударып аларсыздар", — дейді Геннадий Шиповских.

Депутаттың бұл әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары оған жақсылық тілеп, түрлі пікір жазған.

"Осы депутатты қатты сыйлаймын", "Нағыз азамат, жарайсыз", "Тек қазақ тілінде сөйлейтіндерді жақсы көремін", "Өзі орыс болса да, қазақ тіліне деген құрметі зор екен", "Мықты азамат! Аман жүріңіз", — деп жазды желі қолданушылары.