Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғаны белгілі болды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиенің неге қайта жанданбай жатқанын түсіндірді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жеңілдетілген автонесиенің неге тоқтап тұрғаны белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

"Жеңілдетілген автонесиенің кезекті толқыны жанданатыны туралы мәліметтер айтылған. Сол іс неге тоқтап тұр? Ақша жетпей жатыр ма, әлде ақпараттық жүйеде ақау бар ма?" деп сұрады БАҚ өкілі.

Роман Склярдың айтуынша, бағдарламаның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақытылы төлеп тұрғанына байланысты.

"Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады", - деді вице-Премьер.