Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алдағы күндері кей өңірде 28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі мен орталық бөлігінде -28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Алдағы күндері кей өңірде 28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» болждамынша, 20-22 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жел екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында көктайғақ болады.

«Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы минус 15-28 градусқа дейін төмендеуі ықтимал», - дейді синоптиктер.