Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, яғни 15-17 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
фото: ашық дереккөзден

«15-17 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар орталығы  кең антициклонның әсерімен айқындалатын болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады және республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасының түнде 23-28 аязға дейін төмендейді», - дейді синоптиктер. 

Тек орталықта, оңтүстік-батыста, ал 17 желтоқсанда елдің шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болады. 

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман болады.