Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге 20 гектар жер берілуі мүмкін

Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге 20 гектар жер берілуі мүмкін
фото: halyq-uni.kz

Еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне көшу. Негізгі шарт жұмыс орындарының болуы және тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Оны сақтау үшін жұмыс бір мезгілде бірнеше бағыт бойынша жүргізілетін болады: жұмыс берушілердің жергілікті жерлерде жұмыс орындарын құруы; елдің басқа өңірлерінде табысты іске асырылған жобаларды, сондай-ақ Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясындағы тәжірибесін солтүстік өңірлерге трансферттеу және масштабтау; гранттар беру, қоныс аударушылар мен қандастарды оқытуды ұйымдастыру, кейіннен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған жағдайда тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде шығындарды өтеуге құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру – деп толықтырды Ілияс Испанов.

Еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне көшу туралы айта келе, спикер солтүстікке қоныс аударған қазақстандықтар мен қандастарға 40 сотық және 1 гектар жер біріліп келгенін хабарлады. Ал алдағы уақытта оларға 20 гектардан жер берілуі мүмкін. Бірақ телім шаруашылық жүргізуге бөлінеді.

"Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі. Егер 5 жылда ол өзі ойлағанын жүзеге асырып, кәсібін дамытса, онда жер 49 жылға жалға беріледі, – деді спикер.

Қазіргі кезде бұл өзгерісті халық қалаулылары талқылауда. Егер олар мақұлдаса осы өзгеріс алдағы жылы енгізіледі.