Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Әлемдегі ең бай екінші адам Астанаға келді

Үндістанның Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани Астанаға іскерлік сапармен келді. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең бай екінші адам Астанаға келді
фото: tengrinews.kz

Үндістандық делегацияны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп хабарланды. Сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен және орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.

Тараптар логистика, энергетика, газ және мұнай-химия және т.б. салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

2022 жылдың қарашасында Adani тобының жалпы нарықтық капитализациясы рекордтық $280 миллиардқа жетті.

Adani Group компаниясының Қазақстанға сапарын Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» компаниясы ұйымдастырды.

Гаутама Адани - үнділік миллиардер, ол 2022 жылдың қыркүйегінде Bloomberg мәліметтері бойынша 128 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынды иеленді.