Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Оралда кәсіпкерді өз дәмханасында пышақтап өлтірген қос күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

Тамыз айында Оралдағы бірнеше дәмхана мен мейрамхананың қожайыны, кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті дәмханада пышақтап өлтірген екі жігіттің әрекеті бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген еді. Енді соларға қатысты тергеу аяқталған.

Оралда кәсіпкерді өз дәмханасында пышақтап өлтірген қос күдіктіге қатысты тергеу аяқталды
Фото: ашық дереккөз

Жергілікті «Уральская неделя» басылымының мәліметінше, қанды оқиғаға қатысы бар деп ұсталған 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ҚР ҚК 99-бабына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша кісі өлтіру) айып тағылған. Қазір аталған іске қатысты тергеу материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр.

«ҚР ҚК 99-бабының 2 бөлімінде «алдын ала келісіммен қасақана кісі өлтіру» бойынша күдіктілер 15 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостығынан айырылуы мүмкін», -деп жазды жергілікті басылым.