Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

СҚО-да мас такси жүргізушісі 7 жылға басқару құқығынан айырылды

Солтүстік Қазақстанда мас күйінде такси тізгіндеген тұрғын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Өңірде «Автобус» шарасы аясында 4 күн ішінде 400-ден астам жол ересін бұзу дерегі тіркелді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да мас такси жүргізушісі 7 жылға басқару құқығынан айырылды
фото: Azattyq Ruhy

Полицейлер түнде Жамбыл ауданында такси белгісі бар «Skoda» автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаң күйде екендігін көрсетті. 43 жастағы ер адам 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ, ол 7 жылға басқару құқығынан айырылды.

«Масаң күйдегі жүргізушіні дер кезінде ұстау – бұл басқа адамдардың зардап шегуіне әкелетін жол-көлік оқиғасының алдын алу. Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздік – көлік құралының техникалық жағдайына қарау, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимдерін сақтауы және де ең бастысы жол жүрісі ережесін бұзбау. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген 4 күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 423 рет ереже бұзды. Маневр жасау ережесін бұзу мен рөлде келе жатып телефон қолдану сияқты фактілер басым, яғни сәйкесінше 104 және 49 жағдай анықталды. Сонымен қатар, техникалық тексерістен өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін 28, заңсыз қайта жабдықталғаны үшін 7 жүргізуші жауапқа тартылды. Бір автобус пайдаланылуға тыйым салынды. Автобус паркінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды», - дейді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

5 желтоқсаннан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық инспекциясымен, қоғам өкілдерімен бірлесе отыра, тәртіп сақшылары «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты — жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру, жолаушылар мен жүк тасымалдауды реттеу, жолаушылар көлігінде апаттылықты төмендету, мектеп оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.