Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы
фото: pxhere.com

Республиканың батысына, солтүстік-батысына, орталығына ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаяу бұрқасын болады, еліміздің солтүстік-батысына, оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына тұман түседі.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -15-17°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашыныз. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -8-10°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашыныз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -14-16°С, күндіз -1-3°С болады.