Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«АрселорМиттал Теміртауға» 5,8 млрд теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

«АрселорМиттал Теміртауға» 5,8 млрд теңге айыппұл салынды
фото: sotreport.kz

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Аталған кемшіліктер негізінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге айыппұл салыныпты. Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген. Іс қазір сотта қаралып жатыр.

Еске салсақ,  қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. 

Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құқық қорғау органдары "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды кінәсі анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуға құқылы екенін мәлім етті.