Ресейдің қорғаныс министрлігі 2 қарашада Қазақстаннан жалға алып отырған Сарышаған полигонында жаңа ракетаны сынақтан өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпаратық агенттігі Sky News сайтына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ сәтті өткен.
Әуе-ғарыш қорғанысы және ракетадан қорғау әскерінің есебі негізінде Ресей әскерилері ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа ракетасын сынақтан өткізді – делінген хабарламада.
Жаңа ракетаны Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінен кейін бірнеше күн өткен соң сынаған.