Ол сотпен белгіленген алты жылын арнайы түрмеде өткізеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат Telegram арналарының біріне жарияланды. Ондағы мәліметке сенсек, Қайрат Сатыбалды тергеу изоляторынан Шығыс Қазақстан облысындағы №22 колонияға жеткізілген. Ол еліміздегі арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған түрме. Астана қалалық соты бұл ақпаратты растаған көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" қаражатын талан-таражға салды деген айыппен 6 жылға сотталған болатын. Ол мемлекетке келген залалды толық өтеген.