Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

Қазақтаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды, - деп хабарлайды paryz ақпарат агенттігі. 

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды
Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.

"Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы небәрі 78 жаста еді", - делінген хабарламада.

Әлжан Мүсірбекұлы - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.