Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

60 пайызы ғана бар: әскери командир Дәуітбаевтың сүйегі нақты қай жерден табылғанын айтты

Жамбыл облысында бір жылдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі 28 қыркүйекте табылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлім командирі Еркін Әбсадықов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

60 пайызы ғана бар: әскери командир Дәуітбаевтың сүйегі нақты қай жерден табылғанын айтты
Коллаж: Halyq Uni

«28 қыркүйекте түстен кейін сүйегі табылды. Сол күні құзырлы органдар арқылы ДНҚ сараптамасын жасатуға бердік. Нәтижесі 30 қараша кешке шықты. Шамамен 60 пайыз сүйегі табылды. (...) Ол техникалық аймақта жарылыс болғаннан кейін бір жылдан аса уақыт іздеу жұмыстарын жүргіздік. Бір жыл 3 айдан кейін оны іздеу командасы тапты. Техникалық аймақ 175 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде қарамаған жеріміз жоқ. Топырақтың астынан тереңдіктен табылды», - деді Еркін Әбсадықов.

Марқұмның әкесі Талғат Дәуітбаев қаралы хабарға әлі де сенбейтінін жеткізді.

Жүрек әлі де сенбейді. Бір жерде жүрген шығар дейміз. Бірнеше күн бұрын әскери тергеу басқармасынан хабарласып, Алматыда ДНҚ сараптамасы шыққанын, 99 пайыз сіздің ұлыңыз деп айтты, - дейді ол.

Жамбыл облысында бір жыл үш айдан кейін сүйегі табылған Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтті. Марқұмның отбасы Байзақ ауданының Базарбай ауылында тұрады.