Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Инвестиция тарту  көрсеткіші бойынша  Қызылорда облысы көш басында

Қызылорда облысы негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша жоғары өсім көрсеткішіне ие.  Есепті кезеңде инвестиция тарту көлемі 25%-ға жоғарылаған өңіріміз республика бойынша көш басында, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Инвестиция тарту  көрсеткіші бойынша  Қызылорда облысы көш басында
Фото: кәсіпкерлік және индустрия басқармасының фейсбук парақшасынан

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтауды, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты толық әрі тиімді игеру жолға қойылған. 

Үкімет тапсырмаларын орындау бойынша аймақта мұнай өндірісі азаю салдарынан төмендеген өнеркәсіп саласынан бөлек макроэкономикалық бойынша біршама  өсім қалыптасып отыр.

 

Биыл 10 ай ішінде 3,3 млн.тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 285,3 мың тоннаға азайған. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,3 пайызды құрады. Жыл аяғына дейін облыстың ірі кәсіпорындарымен өндіріс көлемін арттыру межесі бар.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасының индустрияландыру бағытында  2021-2026 жылдарда құны 613,1 млрд.теңгені құрайтын 37 жобаның жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.