Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Өрт сөндіріп жүріп қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына баспана берді

Семей қаласында өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді, – деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндіріп жүріп қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына баспана берді
фото: ТЖД

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Азия Фирма» ЖШС бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетіні туралы қыркүйекте айтқан еді.

Араға 2 ай өткен соң «Азия Фирма» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» ықшамауданынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстады.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Абай облысы Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапты. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Айдос Тоғызбаевтың отбасына Президент атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.