Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болып, күн суытады

Синоптиктер алдағы 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы үш күнде Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болып, күн суытады
Фото: stan.kz

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

«Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, қатты екпінді жел 15-28 м/с жылдамдықпен соғады. Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп болжанып отыр», - дейді синоптиктер.

Ауа температурасы түнде суытып, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта -10-20 градус, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста -2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз болады.