Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстандықтардың мойнында қанша несиесі бар екені белгілі болды

Қазақстандағы жеке тұлғалардың монындағы несиенің жалпы сомасы 13 трлн теңгеден асқан,  деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. 

Қазақстандықтардың мойнында қанша несиесі бар екені белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5% ұлғайып, 13,1 трлн теңге болды (жыл басынан бері 21,6% өсті). Жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3% немесе 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ, тұтыну қарыздарының 2,3% немесе 7,2 трлн теңгеге дейін өскен. 

Ведомство дерегіне сүйенсек, 1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша өтелмеген қарыздардың деңгейі 802 млрд теңгеге жетіп, жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құраған. Бұл көрсеткіш басында 3,3% немесе 669 млрд теңге болатын.

«Шағын және орта бизнесті қоса алғанда тұлғалардың портфелінде төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың үлесі 3,5% немесе 349 млрд теңге болып отыр. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 3,7% немесе 453 млрд теңге. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу 72,8%-ды құрайды», - деді агенттік.