Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қолдан жасалған қайыққа отырған атыраулық суға кетті

Атырау облысында қолдан жасалған қайық аударылып, бір адам суға батып кетті. 53 жастағы ер адамның денесі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Қолдан жасалған қайыққа отырған атыраулық суға кетті
фото: ТЖД

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға Құрманғазы ауданында болды.

«Орлы ауылының тұсында 53 жастағы ер адам сағат 18:30 шамасында қолдан жасалған қайықпен Шарон өзенінің келесі жағалауына өтпек болған. Алайда, қайық аударылып, ер адам суға батып кетті. Оны іздестіру 1 қарашада басталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 1 жүзу құралы, 2 техникасы тартылды. Ал жергілікті елдімекеннің 20 адамы 2 техника, 1 қайықпен, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері 1 техникамен көмеккке келді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Белгілі болғандай, Шарон өзеніне батып кеткен ер адамның денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары бүгін қайта жалғасады.

«Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына өзеннен өтер кезде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Қолдан жасалған жүзбелі құралдарды пайдаланбаған жөн. Өйткені, бұл өкінішке ұрындырар оқиғаға себеп болуы мүмкін», - деді департаменттен.