Ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
"Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз! Сіздер де дұғаларыңызға қосып ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен!" - деп жазды Дидар Қами.