Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Бопсалаумен айналысқан»: Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың 12 мүшесін ұстады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

«Бопсалаумен айналысқан»: Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды
Фото: stan.kz

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде топ мүшелері қамауға алынған.

"Кәсіпкерлер мен өзге де азаматтардың ақшасын, мүлкін бопсалаумен және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да қылмыстармен айналысқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды. Сот қаулысымен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Тергеу жалғасуда, егер ұйымдасқан қылмыстық топтың бопсалауына немесе басқа да қудалауына ұшыраған азаматтар немесе кәсіпкерлер болса, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҚР ҰҚКБ-на хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.