Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды

Бизнесмен Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығы (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің құрамына қайта сайланды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды
Фото: stan.kz

Бизнесмен 2023-2026 жылдар кезеңіне Ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығы (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің құрамына қайта сайланды. Кандидатурасы Ұлттық Олимпиада Комитеттері Қауымдастығының (ҰОКҚ) Кеңесіне құрлық өкілі ретінде ұсынылып отыр. 

Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың – Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ Тимур Құлыбаев – Халықаралық олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының мүшесі.

2022 жылдың қыркүйегінде Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Тимур Құлыбаевты БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізу үшін спорттың рөлін күшейтумен айналысатын "Олимпизм 365" комиссиясына тағайындады.

Ұлттық Олимпиада Комитеттері Қауымдастығының атқарушы комитеті аталған ұйым басқарушы орган болып саналады. Оның құрамына ҰОК-тың 32 өкілі, ҰОКҚ Президенті, аға вице-президенті, ұйымның Бас хатшысы және төрт жыл мерзімге сайланған Дүниежүзілік Олимпиадалық қозғалыстың ең белсенді қайраткерлері кіреді.