«Фридрих Эберт» қорының аймақтық директоры Кристоф Мор тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларды криминалдық жауапқа тартпау ақымақтық екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«Мысалы, мен көшеде біреуді ұрып кетемін. Сәйкесінше, ол үшін жазамды аламын. Үйде де солай болуы керек. Әйел – жиһаз емес. Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес. Ол да тұлға, жеке адам. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырмау – ақымақтық», - деді ол.
Кристоф Мордың айтуынша, моральдық тұрғыдан да бұл – қылмыс.
«Жазалау жолдары қаншалықты дұрыс және қоғамдағы жағдайды жақсарта түсетініне назар аудару керек. Қоғамдағы құзырлы органдардың жұмысына қажетті өзгертулер енгізу керек. Бұл мәселені шешуде саяси-экономикалық жүйенің де маңызы бар. Себебі бұл салаға жұмсалатын қаржыны да есептеу керек», - деді Кристоф Мор.
Айта кетейік, Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зерттеу жүргізді.