Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Украинадағы елшілік Варшаваға ауыстырылды» - Сыртқы істер министрі

Премьер-министрдің орынбасары-сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Украинадағы елшілігі уақытша Польшаның астанасына ауыстырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

«Украинадағы елшілік Варшаваға ауыстырылды» - Сыртқы істер министрі
Фото: stan.kz

Қазіргі кезде қазақстандық дипломаттардың басым бөлігі Варшаваға ауыстырылды.

"Елшілік өз қызметін Варшавадан жүргізіп жатыр. Ал Киевте консулымыз қалды, ол біздің азаматтарымызды қабылдап жүр", - деді Тілеуберді сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, Украинадағы қазақстандықтарда сұрақ көп. Олар, көбінесе, эвакуация жағынан көмек көрсетуді сұрайды.

Министр қазақстандықтардың нақты санын айта алмады. Себебі қазіргі жағдайда есеп жүргізу өте қиын.

"Мәселен, бұрын есепте 600-800 адам тұрған. Қазір әскери іс-қимылдар жүріп жатқанда көбісі Украинада өздігімен кетіп жатыр. Сондықтан нақты есеп жүргізу қиын. Бірақ өтініштер түсіп жатыр. Консулдың алдын ала мәліметіне сәйкес , 200-дей адам бар", - деп атап көрсетті Тілеуберді.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарын Польша мен Молдова арқылы эвакуациялауға мүмкіндік бар.