Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қуанышты жаңалық: Утильалым құны 200 мың теңге боп бекітілді

Мәжіліс отырысында утильалым мөлшерінің нақты құны белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қуанышты жаңалық: Утильалым құны 200 мың теңге боп бекітілді
Фото: stan.kz

Депутаттар енгізген өзгеріске сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көліктерді заңдастыру кезінде бірыңғай тіркеу алымы 200 мың теңге болады.

«Бұл толықтыру президенттің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы кезінде айтылған тапсырмасын орындау аясында дайындады. Президент бұл көлік категориясы үшін утиль және тіркеу алымын 200-250 мың теңгеден асырмауды айтқан», – деді мәжіліс депутаты Сергей Симонов.