Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағанды облысында аңшының мәйіті табылды

Қарағанды облысында саятшылық құрған бір топ адам өрт құрсауында қалып, біреуі мерт болды. Денесін күйік шалған тағы бір азамат ауруханада жатыр. Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.   

Қарағанды облысында аңшының мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Жергілікті тұрғындар аң атуға барған. Жарты жолда машинадан өрт шыққан. Құрғақ шөпке тиген от лезде лаулап өршіген. Төрт азамат өртті сөндіруге жанталасқанымен еш нәтиже болмаған. Әбден шаршаған олар қара түтіннен бір-бірін көрмей адасып қалыпты.

Аңшылардың біреуінің денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілді. Ал 31 жастағы ер адамның денесі ертесі күні бір-ақ табылған. Қазір марқұмның нақты неден өлгені анықталып жатыр.

«Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы Нұрлан Жақыпбаев: «Бүгін таңертең 1991 жылы туған аңшының мәйіті табылды. Зардап шеккен азаматтың  түсіндірмесі бойынша, далада жүріп келе жатқанда көлік коллекторы жанып, шөп өртенген», – дейді.