Осдан екі ай бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан бас мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына кіргізілмек, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.
«Астана ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі туралы қаулыға реттік нөмірі 43, 44, 45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл», - делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азиядағы үлкен мешіттердің бірі болып саналатын мешітті 12 тамыз күні Назарбаев ашқан еді.