Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Өзімізге зияны келетін қандастарды жинап алудың қажеті жоқ – Ілияс Испанов

Қазір қоғам арасында Украинадағы соғысқа қатысқысы келмейтін Ресейдегі этникалық қазақтарды шұғыл түрде шақырып, қабылдау керек деп жатқан пікірлер бар. Бірақ Көші-қон комитеті басшысының міндетін атқарушы Ілияс Испанов бұл дұрыс емес деген уәжін айтты.

Өзімізге зияны келетін қандастарды жинап алудың қажеті жоқ – Ілияс Испанов
фото: сұрауы бар

Бұл позициясын ол «Сұрауы бар» Youtube арнасында білдірді. Айтуынша, оларды қабылдау керек, бірақ кемі оның кім екенін нақты терсеруге уақыт қажет.

«Оларды тексеруге бір ай уақыт керек. Бәрін жинаймыз деп, ертең өзімізге зияны келетіндерді жинап алмаймыз ба? Екіншіден, этникалық қазақ екенін дәлелдеуі керек. Қазір кейбіреулер ренжиді, түсініксіз талаптарды қойып алғансыңдар, тәртіп жоқ деп. Онда тәртіп қояйық. Әкесінің, шешесінің туу туралы куәлігін алып келсін деп. Көп елде ондай жоқ. Сондықтан әр келген азаматтың құжатын жеке қараймыз», - деді Көші-қон комитеті басшысының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, бізге араб елдерінен келген қазақтардың көбінде неке туралы куәлік жоқ. Ал Қытайдан оралатындар ол жақтан азаматтықтан шығып келуі керек.

Көп жұмыс оның бәрі. Азаматтық – «мә» деп бере салатын дүние емес. Бейімдеуден өтуі керек. Тілді білуі керек, - деді Ілияс Испанов.