Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Ағасы пәтер беріп құтылмақшы»: Шымкентте неке түнінде күйеуі ұрып өлтірген мұғалімнің анасы әділдік сұрайды

Шымкентте неке түнінде күйеуі ұрып өлтірген мұғалімнің туыстары әділдік іздейді. Марқұмның анасының айтуынша, күдіктінің ағасы екі бөлмелі пәтер беріп, кешірім алмақ болған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ағасы пәтер беріп құтылмақшы»: Шымкентте неке түнінде күйеуі ұрып өлтірген мұғалімнің анасы әділдік сұрайды
Фото: ашық дереккөз

Сағида Бәйменованың анасы тағы да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Бұл жолы қызынан айырылған тұрғын ұстаздың өліміне қатысты қозғалған істі тергеу жұмыстары әділ жүріп жатқан жоқ деп қынжылды. Әйелдің айтуынша, аталған қылмыстық іс туралы тергеуші ешқандай ақпарат бермей отырған көрінеді.

Мұғалімнің анасының видеосын қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Күйеуінің қолынан көз жұмған Сағида Бәйменованың анасының айтуынша, күдікті деп қамауға алынған күйеу баласының ағасы кешірім үшін екі бөлмелі пәтер ұсынып, қысым көрсетіп жатыр екен.

"Ағасы күнде кешкісін келіп, "келісейік, қалаған жеріңнен екі бөлмелі пәтер әпереміз" деп отыр. "Біз министрлікпен, бар жақпен келісіп қойдық" дейді. Сонда бізде адам өлімі осылай шешіле бере ме? Тергеуші тергеу материалдарымен таныстырмайды. "Не болып жатыр?" десек, "сотта бір-ақ білесіз" дейді. Әлі бізден түсініктеме де алмады. Тергеу әділ жүріп жатқан жоқ. Өзім тергеушіге 2-3 рет бардым. "Тергеумен таныстыратын менің бастығымсыз ба? Сот болатын кезде бір-ақ танысасыз" деп айтты", — дейді марқұмның анасы.