Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

ІІМ шетелдік нөмірмен жүретін көлік иелеріне ескерту жасады

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов онлайн брифингі барысында мәлім етті, деп хабарлайды paryz ақпараттық агенттігі. 

ІІМ шетелдік нөмірмен жүретін көлік иелеріне ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

Шетелдік нөмірлі көлікті сатып алған қазақстандықтар автосыз қалуы мүмкін. Министрліктің хабарлауынша, соңғы жылдары ұрланған көліктерді сату деректері жиілеген. Заң бұзушылыққа баратындар осындай көліктерді алып келіп, қазақстандықтарға сатады.

"Ұқсас автокөліктерді анықтаған кезде біз кешенді түрде тексеру шараларын жүргіземіз, қажетті сараптамалар тағайындаймыз. Мұндай көліктің қазақстандық иесі Азаматтық кодекстің 7-бабының 3-тармақшасына сәйкес меншік құқығын анықтау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Жиналған материал көлікті халықаралық қылмыстық есептен шығару үшін көлікке іздеу жариялаған адамға жіберілді", – деп хабарлады ІІМ өкілі.

Ішкі істер министрлігі шетелде тіркелген көлікті сатып алу кезінде қиындықтарды болдырмаудың жолдарын айтты.

"Елімізде басқа мемлекетте тіркелген көлікті сатып алып, пайдалана отырып, сіз болашақта түрлі қылмыстық схемалардың құрбаны болып, соның салдарынан қымбат мүлкіңізден айырылып қалу қаупіне ұшырайсыз. Сатып алған кезде бірден көлікті басқа елде тіркеуден алып тастаңыз, Қазақстанға барлық кедендік ережелермен әкеліңіз, осында тіркеңіз", – деді министрлік өкілі.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда ең көп ұрланатын көліктер - Toyota және Lexus. Жыл басынан бері аталған маркадағы 60-тан аса көлікке іздеу жарияланған. Оның 85 пайызы табылып, иелеріне қайтарылды.