Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы облысында шопан жасөспірімді көкала қойдай етіп сабаған

Анасы күдікті әлі табылған жоқ деп шағымданады.

Алматы облысында шопан жасөспірімді көкала қойдай етіп сабаған
Фото: дереккөз

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімді қамшымен сабап, тұншықтырған. Полиция бұл істі бір жарым айдан бері зерттеп келеді деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккен баланың анасы Мария Мұстафаеваның айтуынша, шопан баланы қамшымен ұрған, тіпті оны тұншықтырған көрінеді. Бала шопаннан қашып үлгерген. 

Анасы 40 жастағы ер адамның баласын көкала қойдай еткенін айтады. Дәрігерлер контузия диагнозын қойыпты. Оқиға қазан айының басында Есік қаласында болған. Анасы күдікті әлі табылған жоқ деп шағымданады.

"Екінші қарашада мен прокуратураға біздің АІІБ-нің жұмыс істемейтіні туралы өтініш жаздым. 10 күннен кейін маған сот-медициналық сараптама жүргізілгендіктен істі тергеуден бас тартылғанын айтты. Бірақ бұл құжат дайын болғанымен, ешқандай өзгеріс жоқ. Ауылда таулардың етегінде тұрамыз және тауға жиі барамыз, тіпті біреуді іздегенімізде, ештеңе көрінбейді. Ұлымның жағдайы жақсы. Бірақ көшеге шығуға қорқады", - деді Мұстафаева.

Алматы облыстық Полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Түрген шатқалында атты ер адамның кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу фактісі Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тізілімде тіркелген. Тергеу нәтижелері бойынша күдікті адам міндетті түрде анықталып, құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.