Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аймағамбетов Ресейден келген мұғалімдер Қазақстанда мектепте жұмыс істей алмайтынын айтты

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. 

Аймағамбетов Ресейден келген мұғалімдер Қазақстанда мектепте жұмыс істей алмайтынын айтты
Фото: ашық дереккөз

Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде жұмысқа орналасу үшін бір жыл бұрын енгізілген талаптар бар.

«Тек қана диплом жеткіліксіз. Еліміздің кез келген азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның мектепке жұмысқа орналасуы үшін ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болуы тиіс. Біздің әдістеме, бағдарламамызды білуі және өз пәнін жақсы білуі қажет. Диплом жеткіліксіз, сертификат керек», – деді Асхат Аймағамбетов.