Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді

Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады.

Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді
Фото: ашық дереккөз

Әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде "Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара" диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес медициналық анықтаманы ұсынған.

"Комиссия құжатты есепке алмай, "Әскери қызметке жарамды" деген бірауызды шешім шығарып, жас жігітті Ұлттық ұланға жіберілді. Сот талқылауы барысында жауап беруші тарап қостанайлық азаматтың әскери міндетті өтеу орны бойынша медициналық тексерудің нәтижесін көрсетті. Құжатта Н. есімді арызданушының әскери қызметті өтеуіне кедергі келтірмейтін "Катаральды антральді гастрит" ауруы бар екені көрсетілген. Сот әскери-дәрігерлік сараптама тағайындады. Сараптама арызданушының бұған дейін мәлімдеген диагноз растады, оның қазіргі уақытта ауруы жазылмағаны белгілі болды. Сондықтан жас сарбаз одан әрі әскери қызметті өтей алмайды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Даулы қаулы сотпен заңсыз деп танылып, оның күші жойылды.
Сонымен қатар, Арызданушының денсаулық жағдайын ескерген сот өз шешімін шұғыл орындауға шақырды.
Мұндай оқиғаның алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін сот жауапкерге тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым шығарды.