Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қайрат Әділгерейдің еркектік қасиетіне күмән келтіру басталды

Әнші Лұқпан Жолдасовтың артын сипалаған әртіс Қайрат Әділгерейдің әрекеті қызу талқыға түскені мәлім. Желіде актердің бойындағы біртүрлі қасеиттері де сөз болды.  

Қайрат Әділгерейдің еркектік қасиетіне күмән келтіру басталды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Тортуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасына  жазды. 

"Қайрат Әділгерейдің мына қылығы бір қарағанда зиянсыз болып көрінгенімен, бұл—еркек бойында жаман қасиеттің барын анық айшықтайды.

Жас күнінде онша білінбеген мұндай иттірліктер, еркектігі азайған —қарттық шағында анық көрінетін болады.

Қайраттың тик-ток, инста желісіне салған видеоларынан мұндай қылықтарын бірнеше рет байқағанмын.

Қазақта бар Еркек, Жігіт, Азамат, Батыр ұғымдарына керағар тірлік бұл енді", деп жазды.  

"Ойын білмейтін бала шешесінің етегін көтеріп ойнайды.. деген сөз бар", "Қатын баласына обал екен", "Бір күні ойыны осылады", "Мынау енді ұят, әкесіндей кісі ғой", деп жазды оқырмандар.